Дәурен Елеусінов алдағы бір айда жекпе-жек өткізе алмайды
Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов орта салмақтағы WBC International титулы үшін өткізген жекпе-жектен соң 20 қыркүйекке дейін спорттан шеттетілді.
34 жастағы қазақстандық боксшы он екі раундтық жекпе-жекте 30 жастағы мексикалық Хуан Карлос Райгосадан (16-15-3, 6 КО) төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Бұл оның кәсіпқой боксшы мансабындағы алғашқы жеңілісі саналады. Бұған дейін ол кәсіпқой рингте 8 жеңіске жеткен (оның 7-еуі нокаутпен) және бір жекпе-жегін тең нәтижемен аяқтаған.
Аталмыш жекпе-жектен соң Мехико штатының бокс комиссиясы қос былғары қолғап шеберіне 20 қыркүйекке дейін шаршы алаңға шығуға тыйым салды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или