Алматыдағы бокс кешінде Жұмабеков пен Уайдаев тартысты жекпе-жек өткізді

Алматыдағы бокс кешінде Жұмабеков пен Уайдаев тартысты жекпе-жек өткізді

Алматыда Tukeshov Boxing Event 5 бокс кешінің негізгі жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегіндее белгілі қазақстандық ММА файтері және боксшы Жұман Жұмабеков (1-0) қатысты. «Арланның» қарсыласы профи-рингтің дебютанты Бағдат Уайдаев болды (0-0). Жеңіл салмақтағы (63,5 келі) айқас алты раундқа жоспарланған болатын.

Барлық алты раундқа жалғасқан жекпе-жек тартысты өтті. Бағдат кездесу барысында басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті кәсіпқой бокстың дебютантына берді. 

Кештің басты жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Еділ Қожабериев шығуы керек еді. Бірақ оның өзбекстандық қарсыласы Мухитдин Раджапбаев шекарадағы қиындықтарға байланысты Қазақстанға келе алмады.

Айта кетейік, Алматыда өткен бокс кешінің бас серіктесі - Parimatch букмекерлік компаниясы.

Қанағат Қартбаев Бектас Қасенайды жеңді

Алматыдағы бокс кешінде Қанағат Саңғыл дебютті жекпе-жегінде жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или