Tukeshov Boxing Event 5 бокс кешінде кімдер өнер көрсетеді
24 тамызда Алматыда Tukeshov Boxing Event 5 кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.
UNDERDOG спорт агенттігі назарларыңызға аталған турнирдің толық кардын ұсынып отыр.
Кәсіпқой бокс кешінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Оны QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Кештің алғашқы жұбында Ғалымжан Дихан (0-1) Қанат Өзбекбаевпен (0-0) кездеседі. Бұл жекпе-жек орта салмақта (72,6 келі) өтеді және төрт раундқа есептелген.
Кештің екінші жекпе-жегінде дебютант Қанат Сангил Ерасыл Көмекбаймен кездеседі (0-0). Екінші жеңіл салмақтағы (55,2 келі) жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған.
Tukeshov Boxing Event 5 кешінің бас серіктесі - Parimatch букмекерлік компаниясы.
Екінші жеңіл салмақ дәрежесінде (55,2 келі) Төрехан Кеңесов (0-1) дебютант Думан Изимовпен (0-0) кездеседі. Боксшылар төрт раундтық жекпе-жекте кім мықтыны анықтайды.
Бокс кешінің төртінші жекпе-жегінде павлодарлық дебютант Мұрат Тұрманбетов Темірлан Қоңырбаймен (1-0, 1 КО) қолғап түйістіреді. Бірінші жартылай орта салмақтағы кездесу (63,5 кг) 4 раундқа есептелген.
Оңтүстік астанадағы бокс кешінің бесінші жекпе-жегі Бектас Қасенай (1-0) мен Қанағат Қартбаев (1-0) арасында өтеді. Жекпе-жек жеңіл салмақта (61,2 келі) өтеді - 4 раунд.
Кештің негізгі жекпе-жегінде дебютант Нұрслан Сабиров (0-0) ақтөбелік Қанағат Манатұлымен (1-0, 1 КО) кездеседі. Жекпе-жек екінші жеңіл салмақта (55,2 келі) өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде танымал қазақстандық ММА файтері әрі боксшы Жұман Жұмабеков (1-0, 1 КО) Бағдат Уайдаевпен (0-0) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, алғашқыда ауыр салмақта өнер көрсететін Еділ Қожамбердиев кештің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді деп жоспарланған болатын. 33 жастағы отандасымыз Алматыда өзбекстандық Мухитдин Раджапбаевпен WBA Asia и WBC Asia белдіктерін сарапқа салуы керек еді. Алайда Қожамбердиевтің қарсыласы Қазақстанға келе алмайтын болғандықтан, жекпе-жек тоқтатылды.
Естеріңізге сала кетейік, бокс кешінің ресми серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.
UNDERDOG.kz спорт агенттігі 2019 жылы құрылды. Агенттіктің мақсаты спортқа инвестициялар тарту, жеке брендтерді басқару, сонымен қатар спорттық маркетинг. NDRG бүгінгі таңда ММА, бокс және футбол саласында жұмыс істейді.
24 тамыз. Tukeshov Boxing Event 5 бокс кеші. Толық кард:
Орта салмақ (72,6 келі): Ғалымжан Дихан (0-1) - Қанат Өзбекбаев (0-0). 4 раунд
Екінші жеңіл салмақ (55,2 келі): Қанат Сангыл (0-0) - Ерасыл Көмекбай (0-0). 4 раунд
Екінші жеңіл салмақ (55,2 келі): Төрехан Кеңесов (0-1) - Думан Изимов (0-0). 4 раунд
Бірінші жартылай орта салмақ (63,5 келі): Мұрат Тұрманбетов (0-0) - Темірлан Қоңырбай (1-0, 1 КО). 4 раунд
Жеңіл салмақ (61,2 келі): Бектас Қасенай (1-0) - Қанағат Қартбаев (1-0). 4 раунд
Екінші жеңіл салмақ (55,2 келі): Нұрслан Сабиров (0-0) - Қанағат Манатұлы (1-0, 1 КО).4 раунд
Бірінші жартылай орта салмақ (63,5 келі): Жұман Жұмабеков (1-0, 1 КО) - Бағдат Уайдаев (0-0). 6 раунд.