Құлахмет кәсіпқой бокстағы жолын жеңіспен бастады
Алматыда MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтіп жатыр, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.
Бокс кешінің негізгі карды аясында кәссіпқой бокста тәжірибелі Сағадат Рахманқұлов (6-1-0) пен әуесқой бокста атой салған Тұрсынбай Құлахмет кездесті.
Жекпе-жек төртінші раундтан кейін тоқтатылды. Жарақат алған Сағадат кездесуді жалғастыра алмады. Сөйтіп, Тұрсынбай кәсіпқой бокстағы мансабын сәтті бастады.
Айта кетейік, әуесқой бокста 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой боксқа биыл жыл басында ауқан. Ол 2019 жылы<span> </span>Азия чемпионатында, кейін ҚР Президенті кубогында жеңіске жетті. Екатеринбургте өтен әлем чемпионатында филипиндік Эумир Марсьяльдан жартылай финалда жеңілді.
Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінің бас серіктесі - Parimatch букмекерлік компаниясы.
Естеріңізге сала кетейік, бокс кешінің ресми серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.
UNDERDOG.kz спорт агенттігі 2019 жылы құрылды. Агенттіктің мақсаты спортқа инвестициялар тарту, жеке брендтерді басқару, сонымен қатар спорттық маркетинг. NDRG бүгінгі таңда ММА, бокс және футбол саласында жұмыс істейді.