Зайнутдинов ЦСКА-мен келіссөз жүргізіп жатыр
Қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов ЦСКА-мен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz Сhampionat.com сайтына сілтеме жасап.
Дереккөздің хабарлауынша, екі тарап да трансферге мүдделі. Келіссөздер сәтті аяқталуға жақын.
Өткен маусымда Зайнутдинов Ростовтың РПЛ-де 17 матчта ойнап, төрт гол соқты және бір нәтижелі пас берді. Жаңа маусымда Бактиер бастапқы құрамнан орын алып жүр. Қазақстандық үш ойында да 90 минут доп тепті.
Жартылай қорғаушының Ростовпен келісімшарты 2020 жылға дейін тағы бір жылға ұзартылу мүмкіндігімен есептелген. Карпиннің командасында ойыншының трансферлік құны 1,2 миллион еуродан 2 миллионға дейін өсті.
Бір қызығы, 2019 жылдың қаңтарында Зайнутдиновтің өзі Ресей чемпионатына ауысу үшін өзінің келісімшартын «Астана» клубынан сатып алды.
Қазіргі уақытта ЦСКА 7 ұпаймен РПЛ-да 7-орында тұр. «Ростов» бір-ақ рет жеңіске жетті.