Алматыдағы бокс кешінің тікелей трансляциясы
23 тамызда Алматыда MTK Kazakhstan компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде әлем және Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, әуесқой бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев өнер көрсетеді. Оның кәсіпқой рингтегі алғашқы қарсыласы - аса тәжірибелі боксшы Иса Ақбербаев (20-1, 15 КО).
Негізгі жекпе-жекте қазақстандық Виктор Коточигов (11-0, 4 КО) беларусьтік Андрей Исаевпен (30-17, 9 КО) кездеседі.
Аталған екі кездесуден бөлек, Али Балоев, Сағадат Рахманқұл, Абай Төлеш, Нұртас Әжбенов және басқа қазақстандық боксшылардың қатысуымен тағы тоғыз жекпе-жек өтеді.
Алматыдағы бокс кешінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Оны QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. сондай-ақ IFL TV Youtube арнасы көрермен назарына ұсынады.
Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінің бас серіктесі - Parimatch букмекерлік компаниясы.
Естеріңізге сала кетейік, бокс кешінің ресми серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.
UNDERDOG.kz спорт агенттігі 2019 жылы құрылды. Агенттіктің мақсаты спортқа инвестициялар тарту, жеке брендтерді басқару, сонымен қатар спорттық маркетинг. NDRG бүгінгі таңда ММА, бокс және футбол саласында жұмыс істейді.