ВИДЕО. Алматыдағы бокс кешіне қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі

ВИДЕО. Алматыдағы бокс кешіне қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі

Бүгін таңертең Алматыда 23 тамызда оңтүстік астанада өтетін бокс кешіне қатысушылар үшін салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінте бірінші ауыр салмақта Әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой рингте өзінің дебютін өткізеді, оған тәжірибелі Иса Акбербаев (20-1, 15 КО) қарсылас атанды.

Қоңқабаев таразыда 91,95 келіні көрсетті, Акбербаев одан 2 келіге жуық жеңіл болды. Бірінші ауыр салмақ шегі - 90,71 келі, бірақ титулдық емес жекпе-жектерде сәл артық салмаққа рұқсат етіледі.

Төменде салмақ өлшеу процедурасының видеосын ұсынамыз.

Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінің бас серіктесі - Parimatch букмекерлік компаниясы.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или