Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліс тапты

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов орта салмақтағы WBC International титулын жеңіп ала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
34 жастағы қазақстандық боксшы он екі раундтық жекпе-жекте 30 жастағы мексикалық Хуан Карлос Райгосадан (16-15-3, 6 КО) төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Бұл оның кәсіпқой боксшы мансабындағы алғашқы жеңілісі саналады. Бұған дейін ол кәсіпқой рингте 8 жеңіске жеткен (оның 7-еуі нокаутпен) және бір жекпе-жегін тең нәтижемен аяқтаған.
Елеусінов - Райгоса жекпе-жегі Мехикодағы бокс кеші аясында өтті.
Фото Дәурен Елеусіновтің Инстаграм-парақшасынан алынды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или