«Барселона» Суареспен қош айтыспақ
«Барселона» басшылығы команда құрамын тазартуды бастады. Алғашқылардың бірі болып командадан Луис Суарес кетеді.
Каталониялық клуб шабуылшысымен қош айтысатыны туралы ескертіп, жаңа команда қарастыруды айтқан. Луис Суарестің «Барселонамен» қазіргі келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жоспарланған. Алайда El Chiringuito TV арнасының мәліметінше, «Барселона» шабуылшысымен осы жылы қош айтыспақ.
Бұған дейін Mundo Deportivo «Барселона» Чемпиондар лигасының ширек финалында «Бавариядан» ойсырай (2:8) ұтылғаннан кейін құрамды кең көлемде тазартуды бастағанан хабарлаған болады.
Клуб тек Лионель Месси, Френки де Йонг және Марк-Андре тер Штеген, сонымен қатар команданың жас ойыншылары Ансу Фати мен Рик Пучті міндетті түрде сақтап қалуды көздейді.
Каталониялық кету мүмкін футболшылар қатарында - Луис Суарес, Антуан Гризманн, Жорди Альба, Иван Ракитич, Серхи Роберто, Артуро Видаль және Нельсон Семеду бар. Сондай-ақ, соңғы кезде көп жарақаттанып жүрген қос француз Усман Дембеле мен Самуэль Умтити үшін де клуб есігі кез-келген уақытта ашық.