Хоккей

Фин қақпашысы ОЖЖ өткізіп жатқан «Барысқа» келіп қосылды

Фин қақпашысы ОЖЖ өткізіп жатқан «Барысқа» келіп қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Маусым алдындағы дайындық жұмысын өткізіп жатқан «Барыстың» сапына фин қақпашысы Йони Ортионы қосылды.

Бұл туралы елордалық клуб Instagram-парақшасында хабарлады. Коронавирус пандемиясының салдарынан командаға жаңадан қосылған қақпашы Қазақстанға енді келді.

Бұған дейін Ортио ҚХЛ-да 2018/19 маусымда «Витязь» сапында өнер көрсеткен болатын. Өткен маусымда Йони Ортио Швейцария чемпионатында «Цюрих Лайонс» клубының құрамында 29 матч өткізді.

Ортио Финляндия құрамасына үнемі шақырылып отырады, сонымен қатар NHL біріншілігінде де тәжірибесі бар. Канадалық «Калгари Фламес» клубының мүшесі ретінде 2014 жылдан 2016 жылға дейін 37 матч өткізді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер