Хенрик Ларссон «Барселонаның» жаттықтырушылар штабына қосылды

Хенрик Ларссон «Барселонаның» жаттықтырушылар штабына қосылды

«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы, «Хельсингборг» командасының бас бапкері болған Хенрик Ларссон каталондық клубтың жаттықтырушылар штабына қосылды.

As басылымының мәліметінше, «Барселонаның» тізгінін ұстаған Рональд Ку.ман Хенрик Ларссонға көмекші болуды ұсынған.

Сондай-ақ жаттықтырушылар штабына «Хоффенхаймнан» кеткен Алфред Схройдер қосылады. «Барселона» президенті Хосеп Бартомеу журналистерге өткізген баспасөз мәслихатында Рональд Куманның жақын арада каталондық клубты жаттықтыратынын растаған болатын.

Рональд Куман 2018 жылдың ақпан айында Нидерланды құрамасының тізгінін ұстап, Еуро-2020 турниріне құраманы алып шықты.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасында «Бавариядан» ойсырай ұтылған соң «Барселона» бас бапкері Кике Сетьенді қызметінен босатты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или