Коточигов Алматыда жекпе-жек өткізеді

Коточигов Алматыда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Виктор Коточигов (11-0, 4 КО) 23 тамызда Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы MTK Kazakhstan хабарлады. 

Оның қарсыласы беларусьтік Андрей Исаев (30-17, 9 КО) болады. Беларусь спортшысының соңғы жекпе-жегі 2020 жылдың 1 тамызында өтті. Онда Олег Малиновскийден ұпай санымен ұтылған. 

Ал Виктор Коточигов соңғы жекпе-жегін 2019 жылы 16 желтоқсанда Алматыда өткізіп, аргентиналық Хавьер Хосе Клавероны жеңген болатын. 

Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінің бас серіктесі - Parimatch букмекерлік компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или