«Қайрат» - «Ноа» матчына швециялық қазылар төрелік етеді
Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында өтетін «Қайрат» - «Ноа» матчына қазылық жасайтын төрешілер анықталды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл кездесуге швециялық төрешілер тобы қызмет етеді. Бас төреші Кристоффер Карльссон, оған қос қапталдан отандастары Юаким Амри Нильсон мен Макс-Робин Вильде көмектеседі. Қосалқы төреші - Фредрик Клитте.
Айта кетейік, матч 27 тамызда Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или