Николай Шваб кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісін тойлады
Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Николай Шваб Дейтона Бичте (Флорида, АҚШ) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Швабтың қарсыласы 31 жастағы бразилиялық Марсело Уильямс (0-5) болды. Боксшылар жекпе-жекке алты раундтың бәрін толық өткізді. Төрешілер бірауыздан жеңісті Николайға берді - 60:53, 60:53, 60:53.
Бұл жетістік - 26 жастағы қазақстандық былғары қолғап шеберінің кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или