Англия чемпионатының үздік голы анықталды. Видео
Англия Премьер лигасы 2019/20 жылғы маусымның ең үздік голы анықталды, деп жазады Prosports.kz.
Жылдың үздік голының авторы атанудан өткен маусымның әр айында үздік деп танылған ойыншылар үмітті болған.
Жеңімпаз жанкүйерлер арасында дауыс беру нәтижелерін мен футбол сарапшыларының пікірлерін есепке ала отырып анықталды.
Сонымен, АПЛ-дің осы маусымдағы үздік голының авторы - «Тоттенхэм Хотспур» ойыншысы Сон Хын Мин. Оның «Бернли» қақпасына соққан голы үздік деп танылды.

Айта кетейік, 28 жастағы оңтүстік кореялық ойыншы өткен маусымда АПЛ-да 30 матчқа қатысып, 11 гол соқты және 12 нәтижелі пас шығарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или