«Челси» ойыншысы «Миланға» ауысуы мүмкін

«Челси» ойыншысы «Миланға» ауысуы мүмкін

«Милан» футбол клубы «Челси» ойыншысы Тьемуэ Бакайоконы қатарға қосуға ниетті, деп жазады Prosports.kz.

Италиялық клуб Бакайоконы жалға алуды жоспарлап отыр. Ол үшін 3 млн қаржы дайындаған. Егер маусым сәтті өтсе, ойыншыны 35 млн еуроға сатып алуға да қарсы емес. 

Франциялық жартылай қорғаушы 2018/19 жылғы маусымда «Миланда» өнер көрсеткен. Ал биылғы маусымда «Челси» оны «Монакоға» жалға берген. 

25 жастағы Бакайоко «Миланға» оралуға қарсы емес. Бірақ лондондық клуб оны жалға беруді емес, сатуды көздеп отырған көрінеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или