«Астана» – «Динамо» жұбының жеңімпазы кіммен кездеседі?

«Астана» – «Динамо» жұбының жеңімпазы кіммен кездеседі?
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 9 тамызда Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бірінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» командасы беларусьтік «Динамо» командасымен кездеседі. Матч аталмыш команда өнер көрсететін Брест қаласында 18 тамыз күні өтеді. Келесі кезеңнің жолдамасы бір матч өткізу арқылы ғана шешіледі.

Егер «Астана» екінші кезеңге өтсе «Коннас-Ки» (Уэльс) / «Сараево» (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Екінші іріктеу кезең 25-26 тамыз күндері өтеді.

Айта кетейік, өткен маусымда да «Астана» еурокубоктағы жолын Чемпиондар лигасынан бастап, Еуропа лигасының топтық кезеңіне дейін жетті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер