«Астананың» Чемпиондар лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды

«Астананың» Чемпиондар лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Қазақстан чемпионы «Астанаға» қарсылас атануы мүмкін командалар белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Астана» іріктелген командалар арасындағы төртінші топқа түсті. Бұл топта қазақстандық командадан бөлек, «Карабах» (Әзірбайжан), Маккаби (Израиль) және «Динамо» (Тбилиси, Грузия) бар.

Ал бұл командалардың Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары мыналар: «Динамо» (Брест, Беларусь), «Рига» (Латвия), «Тирана» (Албания) және «Силекс» (Солтүстік Македония).

Жеребе тарту рәсімі 9 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де өтеді. Ал бірінші тур матчтары 18/19 тамызға жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер