Хоккей

Кирилл Полохов пен «Барыс» жаңа келісімшарт жасасты

Кирилл Полохов пен «Барыс» жаңа келісімшарт жасасты

«Барыстың» қорғаушысы Кирилл Полохов «Нұр-Сұлтан» клубымен жаңа келісімшартқа қол қойды. 22 жастағы хоккейші екі маусымда екі жақты келісімге қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрлықтық хоккей лигасының соңғы тұрақты маусымында Полохов «Барыстың» негізгі командасы сапында бар болғаны сегіз матч өткізген. 

Еске сала кетелік, құрлықтық хоккей лигасының соңғы маусымы коронавирус пандемиясына байланысты мерзімінен бұрын аяқталды. 2020/2021 маусымы 2 қыркүйектен басталуға тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0