Бокс

Мэйвезерге Головкинмен жекпе-жек өткізуді ұсынды

Мэйвезерге Головкинмен жекпе-жек өткізуді ұсынды
news-banner7
mobile-news-top

Boxingnews24.com сайтының авторы Аллан Фокс аты аңызға айналған Флойд Мэйвезерге (50-0, 27 КО) Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізуді ұсынды.

«Мэйвезердің ММА спортшысымен өткізген жек-жегі сияқты тағы бір қызықты сайысты тамашалау адамға ерекше әсер сыйлайды. Егер ол Эррол Спенс, Геннадий Головкин, Канело Альварес немесе Теренс Кроуфорд сияқты үздік боксшылармен жұдырықтасса, онда ол жанкүйерлерді қызықтыра алар еді. Дегенмен, ол өзінің кәсіби карьерасын аяқтап, енді жекпе-жекке оралмайтынын мәлімдеді», - деп жазды автор.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің жекпе-жегі қазан айында өтеді деп күтілуде. Ол поляк боксшы Камил Шереметамен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте Головкин 2019 жылдың қазан айында жеңіп алған орта салмақтағы IBF чемпиондық белбеуін қорғайды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер