Зидан L'Equipe басылымы нұсқасымен әлемнің үздік бапкері атанды
Францияның L'Equipe басылымы әлемдегі ең үздік жаттықтырушының есімін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Басылымның мәліметінше, ең мықты бапкер - «Реалдың» бас жаттықтырушысы - Зинедин Зидан.
Үздік үштікке сонымен қатар «Ливерпуль» сапынан Юрген Клопп пен «Манчестер Сити» бапкері Хосеп Гвардиола кірді.
Еске сала кетейік, осы маусымда Зиданның басшылығымен «Реал» Испания чемпионаты мен Суперкубокты жеңіп алды. Сонымен қатар, мадридтіктер Чемпиондар лигасына да қатысып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или