Беларусь футболшысы «Атырауға» ауысады

Беларусь футболшысы «Атырауға» ауысады

Беларусь футболшысы Денис Образов мансабын «Атырау» футбол клубында жалғастырады. 

Отандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 32 жастағы қорғаушы «Қайратқа» (2:5) қарсы жолдастық кездесуде алаңға шыққан.

Минскілік «Динамо» футбол клубының түлегі мансабын 2007 жылы «Полоцк» сапында бастаған. Содан кейін «Днепр», «Нафтан», Слуцк» командаларында өнер көрсетті. Ол сонымен қатар 21 жасқа дейінгі Беларусь жастар құрамасында кездесу өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или