Головкин - «Канело» үшінші жекпе-жегінің өтуі мүмкін уақыт жарияланды

Головкин - «Канело» үшінші жекпе-жегінің өтуі мүмкін уақыт жарияланды

Showtime телеарнасының сарапшысы Эл Бернштейн қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін уақытты айтты.

«Меніңше, олардың үшінші жекпе-жегі 2021 жылдың бірінші тоқсанында өтеді», - дейді Бернштейн.

«Канелоның» келесі жекпе-жегі қыркүйекте болады деп күтілып отыр. Оның қарсыласы әлі белгісіз. Головкин қыркүйек пен қараша уақытында рингке оралып, IBF-тегі міндетті қарсылас, польшалық Камил Шереметамен кездеседі (21-0, 5 КО).

Еске салайық, 2017 жылы Головкин мен «Канело» арасындағы алғашқы жекпе-жек тең аяқталды, ал 2018 жылы екінші екінші жекпе-жекте төрешілер жеңісті Альвареске берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или