Бокс

Жалғас Жұмағұлов: Бұл айқасты асыға күтемін

Жалғас Жұмағұлов: Бұл айқасты асыға күтемін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов 11 шілдеде өтетін UFC251 турнирінде октагонға шығады.

Жұмағұловтың UFC-дегі дебюті Fight Island-да («Сарбаздар аралы») өтеді. Атақты промоушен туы астындағы алғашқы қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва болмақ. Бұл файтер 19 жекпе-жек өткізіп, 16 рет жеңіске жеткен. UFC-де үш кездесу өткізген. Оның біреуінде жеңіп, екеуінде жеңілген.

Жалғас Жұмағұлов Instagram-дағы парақшасында «Бұл айқасты асыға күтемін» деп жазған.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усман мен Гилберто Бернс жұдырықтасады. Бұдан бөлек негізгі жекпе-жектер қатарында Александр Волкановски - Макс Холлоуэй және Пётр Ян - Жозе Альдо кездесулері бар.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер