«Шахтерді» қазақстандық маман жаттықтырады

«Шахтерді» қазақстандық маман жаттықтырады
news-banner7
mobile-news-top

«Шахтер» футбол клубының бас бапкері қызметін қазақстандық маман Константин Горовенко атқарады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі ресми хабарлады.

Горовенко жақында ғана «Жетісу-Б» командасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын.

42 жастағы маман бапкерлік мансабын 2010 жылы «Сұңқар» футбол клубы бас бапкерінің көмекшісі ретінде бастады. Қаскелеңдік клубта 3 маусым еңбек етті. Осыдан кейін алматылық «Қайраттың» академиясына ауысып, «Қайрат-1998» командасының бас бапкері болды.

2015 жылы «Қайрат» бас бапкерінің көмекшісі болды. Ал 2017 жылы Бірінші лигада бақ сынайтын «Қайрат А» командасының тізгінін ұстады. Және алғашқы маусымның өзінде чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

2018 жылдың қаңтарында талдықорғандық «Жетісу-Б» командасының бас бапкері болды. Горовенко «Жетісудың» жастар командасымен үлкен жетістіктерге жетті деуге негіз бар.

«Жетісу-Б» Қазақстан Бірінші лигасының 2019 жылғы маусымында 5-орын алды. «Қызыл-Жар СК», «Каспий», «Ақжайық», «Алтай» сынды Премьер-лигаға шығуды мақстат ететін клубтарға ғана есе жіберді. 2018 жылы да маусымды дәл осындай нәтижемен аяқтаған.

Константин Горовенко ойыншы ретінде «Қайрат», «Қайнар», «Алма-Ата», «Мегаспорт», «Астана» және «Сұңқар» командаларында ойнаған. Қазақстан құрамасы сапында 6 матчқа қатысып, 3 гол соққан.

Айта кетейік, «Шахтерді» осыған дейін украиналық маман Вячеслав Грозный жаттықтырды.

«Жетісу-Б» бас бапкерімен қоштасты

Олжас Абраев: Маусымның қалған бөлігінің күнтізбесі 20 маусымнан кейін шығады

УЕФА Еуропа лигасының үздіктер рейтингіне қазақстандық клубтарды қосты

«Ертіс» ҚПЛ-ға қатысудан бас тартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер