Бокс

Майк Тайсон рингке оралғаннан кейінгі алғашқы қарсыласы туралы мәлімдеме жасады

Майк Тайсон рингке оралғаннан кейінгі алғашқы қарсыласы туралы мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

Аты аңызға айналған американдық боксшы Майк Тайсон өзін жекпе-жекке шақырған кез келген адаммен рингке шығуға дайын екенін айтты.

Еске салсақ, жақында 53 жастағы бұрынғы ауыр салмақтағы әлем чемпионы қайырымдылық жекпе-жектеріне қатысу үшін спортқа оралуға дайын екенін мәлімдеді.

«Мен өз бабымдамын. Бәрі де мүмкін! Енді не болатынын көрейік. Мен болашаққа үлкен үмітпен қараймын.

Мұны әлі ешкім жасаған жоқ,. Мен осы қайырымдылық акциясына қатысқысы келетіндердің бәрі келіп, маған қарсы шықса екен деймін. Мен ешкімнің бетінен қақпаймын», - деді Тайсон.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер