ММА

Жалғас Жұмағұловтың бұрынғы қарсыласы UFC-мен келісімшартқа отырды

Жалғас Жұмағұловтың бұрынғы қарсыласы UFC-мен келісімшартқа отырды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Тагир Уланбеков UFC ұйымымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Тагир Уланбеков GFC және Fight Nights Global ресейлік ұйымдарда өнер көрсеткен. Оның еншісінде 10 жеңіс, бір жеңіліс бар.

2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Fight Nights Global 88 турнирінде Тагир Уланбеков қазақстандық Жалғас Жұмағұловқа қарсы чемпиондық белбеуді сарапқа салып, жеңіліс тапқан болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер