Исламбек Қуаттың үш командаласы коронавируспен ауырған

Исламбек Қуаттың үш командаласы коронавируспен ауырған

«Оренбург» командасының үш ойыншысы коронавирустан зардап шекті. Бұл туралы «Чемпионат» сайты мәлім етті, хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, ойыншылар Сovid-19 сынақтарын тапсырған, оның нәтижелері бойынша ойыншылардың ағзасынан антиденелер табылды.

Шабуылшы Андреа Чуканов, швед жартылай қорғаушысы Филипп Рогич және словениялық Жига Шкофлек коронавируспен ауырды.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Ресей Премьер-лигасында 4 ойыншы коронавирус жұқтырып отыр.

Ресей чемпионаты 21 маусымда жалғасуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или