Никита Михайлис мансабын қайда жалғастырады?

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис қазіргі командасы «Барыспен» келісімшарт мерзімін ұзартуға жақын.
Ресейлік «Чемпионат» басылымының хабарлауынша, қазақстандық хоккейші екі жылдық келісімшартқа отырады.
2019/20120 маусымда Никита Михайлис ҚХЛ-дың тұрақты маусымының 60 матчында 32 (17 + 15) ұпай жинады. Жалпы, ол ҚХЛ-да 236 матч өткізіп, 97 (45 + 52) ұпай жинады.
Еске салайық, 2020/2021 маусымынан бастап қазақстандық хоккейшілер Ресейдің КХЛ клубтарында легионер ретінде қарастырылмайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или