Бокс

Сәкен Бибосынов: Құрамадағы бапкерлер жоспарымен жаттығуымызды әрі қарай жалғастырамыз

Сәкен Бибосынов: Құрамадағы бапкерлер жоспарымен жаттығуымызды әрі қарай жалғастырамыз
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшылар карантин режимінен кейін жаттығу жиынына кірісуге асық. Бокстан бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев ұлттық құрама 25 мамырда дайындықты жалғастыратынын мәлімдеген болатын. Ал боксшы Сәкен Бибосыновтың айтуынша, спортшылар осы сәтті тағатсыздана күтті.

"Бұл оқу-жаттығу жиынын тағатсыздана күттік десе болады. Жаттығуды сағынып қалдық. Десе де, үйде жаттығуымызды тоқтатқан жоқпыз. Карантиннің де пайдасы болды деп айтуға болады.

Бірінші жиында күшке жұмыс істейміз деп ойлаймын. Бізде Олиипиадаға жолдама болғандықтан дайындықты тоқтатпай, осы формамызды сақтап қалуға барынша тырысамыз. Олимпиада ойындарының шегерілгені біздің еншімізге шешілсін десек, дүбірлі додаға деген дайындығымызды күшейтеміз. Әрі қарай құрамадағы бапкерлердің жоспарымен жұмыс істейміз", - дейді, Токио Олимпиадасының жолдамасының иегері Сәкен Бибосынов.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер