Бокс

Sky Sports Данияр Елеусінов үшін ең үлкен жекпе-жекті атады

Sky Sports Данияр Елеусінов үшін ең үлкен жекпе-жекті атады
news-banner7
mobile-news-top

Skysports.com беделді сайты боксшы Джош Келли (10-0-1, 6 КО) туралы мақаласында қазақстандық спортшы Данияр Елеусіновті (9-0, 5 КО) британдық үшін ең мықты қарсыластардың бірі деп атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жекпе-жек екі боксшы үшін де шешуші болуы мүмкін. Джош Келли мен Данияр Елеусінов 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада бір-бірімен кездесті. 1/8 финалда қазақстандық боксшы Ұлыбритания өкілінен тізе бүктіріп, нәтижесінде турнир жеңімпазы атанды.

«Қазақстандық Данияр Елеусінов Matchroom Boxing Eddie Hearn-мен келісімшартқа отырды, бірақ ол өзінің кәсіби мансабын жарқын өткізе алмай жүр. Келли - Елеусінов - болашақтағы тағы бір үлкен шайқас», - деп жазды Sky Sports.

Данияр Елеусінов қазір бірінші орта салмақ бойынша бұрынғы чемпион намибия Джулиус Индонгоға қарсы кездесуге Флоридада дайындалып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер