Live
Спорттағы коронавирус
ММА

Хабиб әр жекпе-жектен кейін мансабын аяқтағысы келеді

Хабиб әр жекпе-жектен кейін мансабын аяқтағысы келеді

Ресейлік UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың менеджері Али Абдель-Азиз спортшының сырымен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.

«Әр жекпе-жектен кейін Хабиб маған мансабын аяқтайтынын айтады. Екі аптадан кейін ол маған қоңырау шалып, келесі шайқаста кіммен кездесуі керектігін сұрайды», - деп келтіреді Абдель-Азиз.

Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов келесі кездесуді 2020 жылдың күзінде өткізеді деп күтілуде. Жеңіл салмақтағы уақытша чемпион Джастин Гэтжи оның қарсыласы болады. Гэтжи 9 мамыр күні UFC 249-да Тони Фергюсонды жеңді.

Бастапқыда бұл турнирде Нурмагомедов пен Фергюсон арасында жекпе-жек өткізу жоспарланған болатын, алайда жекпе-жек коронавирус пандемиясына байланысты кейінгі қалдырылды. 

 

Хабиб Нурмагомедов UFC-дің ең мықты файтерлерінің тізіміне енбеді

FightNightsGlobal президенті: Нурмагомедов - Гэтжи жекпе-жегінде Хабиб - фаворит

UFC 249: Тони талқандалды. Джастин жеңді

Джастин Гэтжи Тони Фергюсонды қалай жеңді. Видео

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0