ММА

UFC 249: Тони талқандалды. Джастин жеңді

UFC 249: Тони талқандалды. Джастин жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Флорида штатындағы Джексонвилл қаласына Vystar Veterans Memorial аренасында UFC 249 турнирінің басты жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты оқиғасы жеңіл салмақтағы бұрынғы уақытша чемпион Тони Фергюсон мен жеңіл салмақтағы үздік файтер Джастин Гэтжи арасында өткен еді.

36 жастағы Фергюсон Гэтжиге үнемі қысым көрсетпекке ұмтылып, жеңіске жетуге талпынып көрді. Джастин сәтті түрде қарсы шабуылдады.

Гатгидің аяусыз және ауыр соққыларын, Фергюсон күлімсіреп қабылдады. Дей тұрғанмен Гэтжи өзінің үздік екенін үнемі дәлелдеумен болды. Әсіресе тұрған күйі жылдам соққы жұмсап үлгеруі көрерменнің айызын қандырғаны анық.

Кездесудің соңғы сәттері «Эль Кукуй» үшін өте қиын өтті. Джастин кездесудің соңында да шеберлік таныта білді. Нәтижесінде Фергюсонды еш қиналмай жеңді.

Осылайша, Тони Фергюсон 2012 жылдан бергі алғашқы жеңілісіне ұшырады. Джастин өзінің мансабындағы 22- жекпе-жегінде жеңіске жетіп, UFC ұйымының жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер