Хабиб Нурмагомедов UFC-дің ең мықты файтерлерінің тізіміне енбеді

Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы, канадалық Жорж Сен-Пьер аралас жекпе-жек тарихындағы ең мықты файтерлерді атады, деп жазады Prosports.kz.
Ол жеңіл салмақтың чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовты үздіктер тізіміне қосқан жоқ. Хабиб қазіргі таңда UFC тізімінде Джон Джонстан кейін екінші орында тұр.
«Андерсон Силва, Би Джей Пенн, Джон Джонс, Генри Сехудо. Бұлардың әрқайсысы мықты. Сондай-ақ, Ройс Грейсиді де бұл тізімге қосуға болады - деді Жорж Сен-Пьер.
Қоса кетейік, бүгін UFC президенті Дана Уайт Жорж Сен-Пьерге UFC Даңқ залына қабылданғанын айтқан еді.
FightNightsGlobal президенті: Нурмагомедов - Гэтжи жекпе-жегінде Хабиб - фаворит
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или