Live
Спорттағы коронавирус

«Қызыл-Жар» футболшылары жаттығу процесін елордада жалғастырады

«Қызыл-Жар» футболшылары жаттығу процесін елордада жалғастырады

Петропавлдық «Қызыл-Жар» футболшылары 18 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында чемпионаттың басталуына дайындықтарын жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz солтүстікқазақстандық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Команданың елордада жаттығуына Петропавлдағы «Қарасай» стадионын жөндеу жұмыстары себеп болды.

Еске сала кетейік, футбол маусымы коронавирус пандемиясына байланысты тоқтағанға дейін «Қызыл-Жар» ел біріншілігінде екі ойын өткізді Алдымен «Астанадан» 0: 4 есебімен ұтылған қызылжарлықтар, Павлодардың «Ертісімен» кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Фото vk.com/fcqyzyljar

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0