ЦСКА баскетбол клубының дәрігері коронавирустан көз жұмды

ЦСКА баскетбол клубы команданың дәрігері Роман Абжелиловтың қайтыс болғанын хабарлады.
45 жастағы маман коронавирус инфекциясының асқынуынан қайтыс болды.
«Бүгін біздің жақсы және әрдайым жанашыр досымыз, әріптесіміз, керемет дәрігер Роман Абжелилов дүниеден озды. Оның организмі коронавирустық инфекциядан туындаған асқынуды жеңе алмады. Клуб Романның отбасы мен достарына және денсаулығына байланысты көмектескендердің бәріне көңіл айтады. Ол керемет адам және жалпыға ортақ сүйікті адам болды. Бұл бәріміз үшін орыны толмас қайғы», - деп жазылған клуб хабарламасында.
ЦСКА коронавирусқа байланысты ерте аяқталған ВТБ Біріккен Лигасының маусымын екінші орында аяқтады. Сондай-ақ, клуб Еуролиганың плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или