Live
Спорттағы коронавирус
Бокс

Top Rank маусым айында бокс кешін өткізеді

Top Rank маусым айында бокс кешін өткізеді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясы маусым айында бокс кешін өткізуді жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Top Rank компаниясының басшысы Боб Арум мәлімдеді.

Бокс кеші 9 маусымда Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі мүмкін. MGM ойын-сауық кешенінде өтеді деп жоспарланған кештің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақта WBO чемпионы Шакур Стивенсон өнер көрсетеді.

Боб Арумның айтуынша, бокс кешін ұйымдастыру ESPN-мен бірге жүзеге асады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлында орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas белбеулері бар.

Ол 28 наурыз күні ганалық Исса Самирге (18-0, 15 КО) қарсы жекпе-жек өткізуі қажет болатын, алайда коронавирустың кесірінен бокс кеші өтпей қалды.

Жәнібек Әлімханұлы: Маған чемпиондық титулдарым қажет

Жүкембаев IBF рейтингісінде үздік 10 боксшының қатарына енді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0