Әлем футболы

Жәнібек Әлімханұлы: Маған чемпиондық титулдарым қажет

Жәнібек Әлімханұлы: Маған чемпиондық титулдарым қажет
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) чемпиондық жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

– Менің чемпиондық титулым қажет. Чемпиондар, дайын болыңдар! Өйткені мен дайынмын. Сендерді бірінші раундта талдырғым келмейді. Өзімнің кім екенімді көрсетіп, дәлелдегім келеді. Жақында көздеріңіз жетеді, - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы твиттердегі парақшасында.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы өзінің салмағындағы чемпиондарды жекпе-жекке шақырған болатын. Оған қоса Сауль «Канело» Альварес пен Деметриус Андрадені қалай жеңу керегін айтқан еді. Қазір Жәнібек Әлімханұлыда орта салмақтағы WBO Globalжәне WBC Continental Americas белбеулері бар.

Айта кетейік, 28 наурыз күні Жәнібек Әлімханұлы ганалық Исса Самирге (18-0, 15 КО) қарсы жекпе-жек өткізуі қажет болатын, алайда коронавирустың кесірінен бокс кеші өтпей қалды.

Фируза Шарипова Олимпиада жүлдегерін нокаутқа жіберуге уәде етті

Бұрынғы әлем чемпионы Головкин - Альварес жекпе-жегі жайлы айтты

«Көп ақша берсеңдер ғана, Тайсонмен төбелесемін». Холифилд боксқа оралатынын айтты

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер