Бокс

Жүкембаев IBF рейтингісінде үздік 10 боксшының қатарына енді

Жүкембаев IBF рейтингісінде үздік 10 боксшының қатарына енді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ санатында әлемдегі үздік боксшылар рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұрынғы тізіммен салыстырғанда қазақстандық бірқатар боксшылардың рейтингтегі орындарында аздаған өзгерістер бар.

Жаңа рейтингте Головкиннің салмағындағы Мейірім Нұрсұлтанов пен Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы орындарында қалды. Қос боксшы сәйкесінше сегізінші және 12-орынға жайғасқан.

Екінші орта салмақта WBC Asia, WBA International және WBO Global белдіктерінің иегері Айдос Ербосынұлы 13-орында тұр.

Ал жартылай орта салмақта өнер көрсететін Нұрсұлтан Жаңабаев 7-сатыға жайғасқан.

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Батыр Жүкембаев 8-орынға жайғасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер