Әлем футболы

«Оқжетпестің» бұрынғы ойыншысы Роналдумен бірге үздіктер тізіміне енген

«Оқжетпестің» бұрынғы ойыншысы Роналдумен бірге үздіктер тізіміне енген
news-banner7
mobile-news-top

Transfermarkt.com порталы 2004 жылы трансферлік құны ең қымбат жас ойыншылардың (21 жасқа дейінгі) рейтингісін жариялайды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл тізімді «Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы шабуылшысы Уэйн Руни көш бастады, сол кезде 18 жастағы Руни 37 миллион еуроға бағаланды. Сонымен қатар үздік үштікке Хосе Антонио Рейс пен Фернандо Торрес енді. Ал сол кезде 19 жастағы Криштиану Роналду 6-орынға жайғасты. Оның трансферлік құны Рунирдің жартысындай ғана болған.

Ең қызығы, аталған рейтингте «Оқжетпестің» бұрынғы шабуылшысы Дмитрий Сычевтің де аты аталады. Сол кезде 20 жастағы ресейлік ойыншы 10 миллион еуроға бағаланды. Тіпті жас Венсан Компани мен Уэсли Снейдердің трансферлік бағасы дәл дәл осындай болған.

Бірақ сол кезде Сычевпен деңгейлес саналған футболшылар мансап жолында билік белестерді бағындырды. Ал ресейлік футболшы үшін 10 миллион еуроға бағалану мансабындағы ең керемет кезең болып қалды. Уақыт өткен сайын Дмитрийдің трансферлік құны төмендей берді.

Тіпті ол 31 жасында көкшетаулық «Оқжетпеске» ауысып келгенде, трансферлік бағасы бар болғаны небары 500 мың еуро ғана еді. Ол Қазақстанда алты ай доп тепті.

«Боруссия» бос стадионды жанкүйерлердің фотосуретімен толтырады

2030 жылғы әлем чемпионаты қай елде өтеді

«Барселонаны» үлкен өзгеріс күтіп тұр

Футбол тарихындағы 100 үздік бапкер. Фергюсон көш бастады

Футбол тарихындағы ең үздік он қақпашы анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер