Әлем футболы

Испания Примерасы матчтары бес апта бойы күн сайын өтеді

Испания Примерасы матчтары бес апта бойы күн сайын өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Испания Примерасы президенті Хавьер Тебас коронавирус пандемиясына байланысты наурыздың ортасында тоқтап қалған 2019-2020 жылғы маусымның қашан жалғасатыны туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Футбол қашан қашан оралатындығын білмеймін. Футбол 19 маусымда бола қалады дегенге сенбеймін, бірақ бір апта ерте басталғанын қалаймын. Барлығы вирус індетіне байланысты болады. Біз 35 күн бойы күн сайын матч өткізуге мәжбүр боламыз. Ойынның басталуына 24 сағат қалғанда футболшылар COVID-19 сынағынан өтеді», - деді Tебас испаниялық БАҚ-қа берген сұхбатында.

Испания чемпионатының әр командасы 11 кездесу өткізуі керек. Осылайша олар үш күн сайын 1 матч ойнайды.

Турнирлік кестеде 58 ұпаймен каталониялық «Барселона» көш бастап тұрса, одан кейінгі орында тұрған Мадридтің «Реалының» еншісінде 56 ұпай бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер