Әлем футболы

УЕФА келесі маусымда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңінен бас тартуы мүмкін

УЕФА келесі маусымда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңінен бас тартуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА келесі маусымда еуропалық жарыстарға іріктеу кезеңін қысқартуды немесе толығымен алып тастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.

Еске салсақ, коронавирус пандемиясына байланысты 2019/2020 маусымындағы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы маусымы тоқтатылды, енді ол тамыздың соңында қайта жалғасуы мүмкін. Осыған байланысты, келесі Чемпиондар лигасы маусымының басталуы 20 қазанға ауыстырылды.

УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы іріктеуіндегі ойнайтын жұптың жеңімпазы әдеттегідей екі кездесуден гөрі бейтарап аймақтағы бір матчтың нәтижесі бойынша анықталатын нұсқаны қарастырып жатқандығы туралы хабарлаған.

Еуропалық жарыстардың тағдырына қатысты түпкілікті шешім 27 мамырда УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында қабылданады деп күтіліп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер