Бокс

Мунгия Қанат Исламмен емес, «Канеломен» кездескісі келеді

Мунгия Қанат Исламмен емес, «Канеломен» кездескісі келеді
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы, мексикалық боксшы Хайме Мунгия (35-0, 28 KO) отандасы Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 KO) жұдырықтасқысы келеді.

– «Канеломен» жұдырықтасқымыз келеді. Мунгия оған төтеп бере алады деп санаймын. Мықты болғың келсе – мықтылармен айқас. Golden Boy басшысы Оскаром Де Ла Хойя және Эрик Гомеспен жекпе-жек туралы сөйестік. Келесі жекпе-жекте 160 фунттың мықтыларының бірімен кездесеміз, - деді Хайме Мунгияның промоутері Фернандо Бельтран.

Естеріңізге сала кетейік, 23 жастағы Хайме орта салмаққа осы жылдың басында ауысты. Алғашқы жекпе-жегінде ирландиялық Гари О'Салливанды 11-раундта нокаутпен жеңді.

Жақында Мунгияның қазақстандық боксшы Қанат Исламмен (27-0, 21 КО) кездесетіні айтылған. Бұл жекпе-жек Сауль Альварес пен Билли Джо Сондерс кездесуінің андеркардында өтеді деп жоспарланған. Бастапқыда бокс кеші 2 мамырда Лас-Вегаста өтеді деп күтілген, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты кейінге қалдырылады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер