Дзюдо

Елдос Сметов: Токио төрінде топ жаруға тырысамын

Елдос Сметов: Токио төрінде топ жаруға тырысамын
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық Олимпиада комитеті «Олимпиадалық ынтымақтастық» бағдарламасы аясында спортшыларға тағайындалған стипендиялар Токио Олимпиадасына дейін жалғасады.

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов осындай жағдайда спортшыларды қолдап, стипендияға лайық тапқаны үшін ХОК, ҰОК және дзюдо федерациясына алғысын білдірді.

«Ассалаумағалейкум, Қазақ елі!

Баршаңызды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Мереке қарсаңында ақжолтай хабар жетіп отыр.

Өздеріңіз білетіндей, Olympic Solidarity бағдарламасы аясында Халықаралық Олимпиада комитетінің стипендиясына ие болған едім.

Токио Олимпиадасының шегерілуіне байланысты ХОК талантты спортшыларды қолдау мақсатында бізді әрі қарай стипендияға лайық көріпті.

Әлемде болып жатқан жағдайды ескере отырып, әрдайым спортшылармен бірге болғаны үшін ХОК пен еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитетіне, федерацияға алғыс айтамын.

Үміттеріңізді ақтап, Токио төрінде топ жаруға барымды саламын!», - деген ол өзінің инстаграм желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті «Олимпиадалық ынтымақтастық» бағдарламасы аясында қазақстандық талантты 24 спортшы олимпиадалық стипендияға тағайындалған болатын.

Елдос Сметов: Әлеуметтік желілерден шығып, ұялы байланысқа шектеу қойдым

Елдос Сметов: Олимпиаданың шегерілгені - маған берілген мүмкіндік

Қазақстандық дзюдошы Олимпиадалық рейтингте үздік үштікте келеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер