Дзюдо

Елдос Сметов: Олимпиаданың шегерілгені - маған берілген мүмкіндік

Елдос Сметов: Олимпиаданың шегерілгені - маған берілген мүмкіндік
news-banner7
mobile-news-top

Рио Олимпидасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Қазақстан Ұлттық Олимпиалық комитетінің онлайн жобасында қонақ болды. Онлайн форматында өткен сұхбатта Елдос Сметов Олимпиада ойындарының кейінге шегерілгеніне қатысты пікірін бөлісті.

– Ұйымдастырушылардың, Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен Токио үкіметі адам денсаулығын бірінші орынға қойды. Мұндай шешіммен әбден келісуге болады. Себебі, адамның басты құндылығы - оның денсаулығы.

Бір жағынан Олимпиада ойындарының шегерілгені маған берілген мүмкіндік деп қабылдадым. Себебі, мен осы маусымды сәтті бастап, жақсы көрсеткішке қол жеткізіп келе жатыр едім. Үздіксіз жаттығу мен жарыс арасында алған кішігірім жарақаттарым болды. Енді Олимпиада бір жылға созылды. Осы бір жыл ішінде жарақатымнан толық айығып, өз қалпыма келемін деп ойлаймын, - деді Елдос Сметов тікелей эфирде.

Сондай-ақ, Елдос Рио Олимпиадсын есіне алып, мақстымен бөлісті.

– 2016 жылы Олимпиада ойындарының финалына шыққанда спортты қойдып деп ойладым. Екінші орын алғанда осы жерден тоқтймын деп шешім қабылдадым. Спорттағы жетістігімнің шыңы - осы. Бұдан артығын бағындыра алмаймын деп салым суға кетті. Бұл - менің белдесуден кейінгі ойым болды.

Финалда ұтылдым, екінші орын алдым. Мен мұндай шешімді қабылдағанда әлі марапаттау рәсімі болмаған еді.

Салтанатты марапаттау шарасы басталғанда тұғырға шықтым. Тұғырға көтерілгенде күміс жүлдемен екінші орында тұрмын. Сол кезде қайтадан ойландым. Екінші орын - ол бәрібір бірінші орын емес, алтын емес. Бірінші орын алған адамның орнына өзіңді қойғың келеді. Әлем алдындаа күллі халықты аяғынан тік тұрғызып, әнұранды ойнатқың келеді. Жалау көтеріліп, көкте желбіреп тұр. Бірақ, бәрібір бірнәрсе жетіспейді. "Неге көк байрағымыз бірінші орында тұрған тудың орнына желбіремеске?" деп қынжылдым. Дәл сол кезде ерекше жігерленіп, спортқа деген махаббатым қайта оянды. Іштей "жоқ, мен спортты қоймаймын. Жеңіс тұғырында тағы бір саты биік тұрмйынша ме спорттан кетпеймін" деп, намысқа тырысып, "өліспей, беріспеймін" деп шешім қабылдадым.

Көздеген мақсатым айқын. Ол - Токио Олимпиадасының шыңын бағындыру. Менде барлық жарыстың алтыны бар. Азия чемпионаты, Азия ойындары, Гран При, "Үлкен дулыға". Тек Олимпиада алтыны жетіспейді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер