«Қайсар» бапкерінің көмекшісі жалақысы қысқарғанын растады

«Қайсар» бапкерінің көмекшісі жалақысы қысқарғанын растады
news-banner7
mobile-news-top

«Қайсар» бас бапкерінің көмекшісі Анатолий Нанков клуб қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға төмендегенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Gong басылымына сілтеме жасап.

«Басшылық жалақыны 40 пайызға қысқартты. Қазақстандағы жағдай Болгарияға ұқсас. Төтенше жағдай 11 мамырға дейін созылды, ал келесі күні жаттығуды жалғастырамыз деп үміттенеміз. Чемпионат айдың соңында немесе маусымның басында қайта басталады деген үміт бар. Теледидар көріп, елде не болып жатқанын қадағалаймыз. Жақында бәрі ойдағыдай болады деп сенемін», - деді Нанков.

Клуб қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға қысқарды деген ақпарат 1 мамырда шыққан. Сол кезде ойыншылардың бірі жалақысын қысқартуға келісімін бермесе, келісімшарт бір жақты бұзылады деп хабарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер