Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Роналдиньо: Түрмеде отырам деп ешқашан ойлап көрмеппін

Роналдиньо: Түрмеде отырам деп ешқашан ойлап көрмеппін
news-banner7
mobile-news-top

Жалған құжат пайдаланды деген күдікпен 32 күн түрмеде отырған атақты футболшы Роналдиньо аталған оқиғадан кейін алғаш рет сұхбат берді, деп жазады Prosports.kz.

Парагвайлық ABC Color телеарасына берген сұхбатында, бразилиялық аңыз ойыншы түрмедегі тұрмысы жайлы айтып берді.

- Біздегі құжаттың жалған екенін білгенде қатты таңырқадық. Сол сәттен бастап заң органдарымен селбесіп, істің мән-жайын анықтауға атсалыстық, - дейді Роналдиньо.

Сонымен қатар ол түрмеде де футбол ойнауға мүмкіндік болғанын айтты. Тіпті түрмеде одан қолтаңба сұрап, бірге естелік суретке түсуді өтінгендер де табылған көрінеді.

Ол тексеруге алынып, түрмеге отырғанына қарамастан Парагвай еліне өкпесі жоқ екенін айтты.

- Бұл елге келген бірінші күннен бастап халықтың ыстық ықыласы мен құрметін сезіндім. Бұған өте ризамын. Түрмеде бұл мәселенің тезірек шешілуін тілеумен болдым.

Бұл іс маған аса ауыр соққы болды. Түрмеде отырам деп ешқашан ойлап көрмеппін. Бүкіл өмірімде ең билік кәсіптік шеберлікке жетіп, футбол арқылы адамдарға көңілділік сыйлауға ұмтылдым, - дейді Роналдиньо.

Айта кетейік, аты аңызға айналған футболшы Роналдиньо мен оның ағасы Роберто жалған төлқұжат пайдаланды деген күдікпен Парагвай қонақүйлерінің бірінде ұсталған болатын.

Осыдан кейін 32 күн бойы Асунсьондегі (Парагвай) түрмеде отырған футболшы сәуір айының басында босатылған. Қазіргі таңда Роналдиньо мен ағасы үйқамақта отыр.

Роналдиньо жалған құжат пайдаланды деген күдікпен ұсталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер