Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Роналдиньо жалған құжат пайдаланды деген күдікпен ұсталды

Роналдиньо жалған құжат пайдаланды деген күдікпен ұсталды
news-banner7
mobile-news-top

Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Роналдиньо мен оның ағасы Роберто жалған төлқұжат пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Роналдиньоның шетелге шығатын төлқұжатын мемлекет алып қойған. Бұған себеп, бұрынғы футболшы өз елінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзған және салық төлемеген.

Төлқұжаты болмағандықтан Роналдиньо шетелге шыға алмайды. Бірақ ол наурыздың басында Парагвайда қайырымдылық шарасына қатысуы керек болатын. Әрі «Таланттың өмірі» (Genio de la vida) кітабын сатуды жоспарлаған.

Төлқұжаты жоқ болса да Парагвайға баруға бел буған Роналдиньо ағасымен бірге жалған құжат жасатқан. Бір қызығы бұл құжатта Роналдиньоның азаматтығы Парагвай деп көрсетілген. Ал өзге мәліметтер өзгертілмеген.

唏嘘!40岁小罗被逮捕:伪造护照入境,连巴西国籍都改了

Бұрынғы футболшы мен ағасын құқық қорғаушылар қонақүйде тексеруге алған. Олар енді бейсенбі күні таңертең прокуратураға түсініктеме беруге барады.

1980 жылы наурызда дүниеге келген Роналдиньоның шын есімі Роналдо де Ассис Моррейра. Роналдиньо - оған жанкүйерлер қойған есім. Бұл есім өзіне де ұнағандықтан футболшы жейдесіне үнемі осы есімді жазатын. (Роналдиньо - португал тілінен аударғанда кіші Роналдо деген мағынада).

Кәсіпқой мансабында әлем чемпионаты, Чемпиондар лигасы сынды ірі турнирлерді жеңіп, «Алтын доп» жүлдесін алған аса даңқты футболшыны Латын Америкасында танымайтын адам аз шығар. Солай бола тұра жалған құжат жасатып, шетелге шығу идеясы Роналдиньоға қайдан келгені адамды таңғалдырады.

罗纳尔迪尼奥和哥哥在巴拉圭因伪造护照被拘留 这是迷惑行大赏?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер