Антуан Гризманн өміріндегі ең маңызды адам. Соңғы бөлім!

Антуан Гризманн өміріндегі ең маңызды адам. Соңғы бөлім!

«Барселона» шабуылшысының әкесі Ален Гризманн туралы материалдар сериясының соңғы бөлімі.

Еден тазалаушы Ален

Антуан үйінен кеткеннен 14 жыл өтті. Гризманның ата-анасы әлі де Маконда тұрады және баласын көзбе-көз емес, теледидардан жиірек көреді. Алғашқы жылдары Антуан ойын арасындағы үзілісті пайдаланып үйіне жиі келіп тұратын, бірақ «Атлетикоға» ауысып, өз отбасын құрғаннан кейін (француздың әйелі мен екі қызы бар) ол жылына бір ақ рет Маконға балалар командалары үшін өткізілетін Гризманн кубогына келеді.

Гризманн - супержұлдыз, бірақ оның ата-анасы өте қарапайым өмір сүреді. Ален агент жұмысына сол күйі ауысқан жоқ, оның орнына ол көше сыпырып, еден тазалауды жөн көрді.

Ұлының Еуро-2016-дағы ойындарын көру үшін екі апталық демалыс алды. «Ален Антуанға қолдау көрсету үшін демалысқа шықты», - дейді әріптесі Аннис француздық Le Temps-ке. «Бірақ қазірдің өзінде 12 шілдеде (еуро финалы 10 шілдеде өтті - Prosports.kz) ол жұмысына қайта кірісті». 2017 жылы Ален зейнетке шығып Макон мектебіндегі U-13 құрамасын жаттықтырады.

Әкесі мен ұлы арасында әлі де керемет қарым-қатынас бар: олар әр матч алдында бір-біріне қоңырау шалады, ал 2014 жылы Ален футбол ойындарын көп көре бермей, тек «Сосьедад» ойнап жатқан кезде бәрін тастап, теледидарға қарай жүгіретінің айтқан болатын.
«Антуан әлі де менің балам», - дейді Ален. Ол үйге келгенде, жұлдыздан Маконның қарапайым жігітіне айналады. Біз онымен барлық нәрсе туралы сөйлесе аламыз».

Антуан да әкесін ұмытпайды. 2017 жылдың 9 қыркүйегінде Ален өз туған күнің атап өтті, соған орай баласы арнайы Маконға екі күнге келген болатын. Ален үшін бұл ең керемет сыйлық болғаны анық.

Франция ұлттық құрамасымен тойлау

2018 жылы Гризманн отбасы Ресейде өткен Әлем чемпионатына Антуанды қолдау үшін келді. Олар Францияның ойындарын қалдырмай, әр матчты тікелей стадионнан тамашалады.

Әлем кубогын жеңіп алғаннан кейін, Гризманн бірден Диего Симеонеге хабарлама жіберіп, содан кейін әкесімен қуанышымен бөлісті. Ален тіпті Францияның шешіну бөлмесіне түсіп, олармен тойлады. Ал бір күннен кейін үлкен Гризманн бүкіл ойыншылармен және Президент мырза Эммануэль Макронмен бірге Парижге аттанды.

«Бұл өмірдегі ең жақсы күн! Мен ұлыма мақтанып, Маконнан келген қарапайым жұмысшының президентпен бірге тойлап жүргеңіне әлі сене алар емеспін», - деді Ален.

«Барселонаға» трансферден кейін бірінші қоңырау

Өткен жазда Антуанға тағы да қолдау қажет болды - «Барсаға» ауысу үлкен қиындықтармен жүріп жатты және кез-келген сәтте сәтсіздікке ұшырауы мүмкін еді. «Мен үйде отырып агенттің қоңырауын күттім», - деп еске алады ойыншы. «Ол көшесің дегенде мен қуаныштан бірден әкеме қоңырау шалдым».

Ален одан да бақытты болды, ол Антуанның барлық жолын есіңе алды - жылап тұрған баладан бастап, Францияда ешқандай академия қажет емес шабуылшыдан, «Барселона» ойыншысына дейін. Көңіл толқудан әкесі жылап жіберді. «Бұл оның мансабының шыңы. «Барса» - мықтылардың мықтысы, мен бұл клубты Кройфф пен Стоичковтың кездерінен білемін. Мен ұлым үшін қаншалықты мақтанатынымды білдіретін сөз таба алмаймын», - деді ол келесі күні. Әрине, ол ұлының Барсадағы тұсаукесерінде бірге болды.

Әкесі қолынан келгеннің бәрін жасады - енді Антуан әлем футболының төрінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или