Бокс

«Аты аңызға айналған...». Украиналық нокаутер Головкин туралы ағынан жарылды

«Аты аңызға айналған...». Украиналық нокаутер Головкин туралы ағынан жарылды
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші орта салмақтағы украиналық жас боксшы Сергей Богачук қазақстандық Геннадий Головкинмен бір жаттығу залында жаттығып, алған әсері туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Vringe сайтына сілтеме жасап.

- Геннадий Головкинді лагерьде алғаш көрген кезде қандай күй кештіңіз?

- Оның қарапайым адам екені есімде қалыпты. Мен оны басқаша елестеткен едім. Ол - жұлдыз, мен оның өркөкірек болар деп ойлағанмын. Бірақ ол өте қарапайым екен.

- Оның аты аңызға айналған боксшы екені жаттығуынан-ақ байқалған шығар?

- Иә. Оның жаттығуына қарап,шын мәнінде, бокс аңызы екеніне көзім жетті. Ол өте пысық. Атқаратын жұмысы өт ауқымды. Ол үнемі қимылдап жүреді, жалқау емес. Бұл оның нағыз чемпион екенін білдіреді. Жасы ұлғайған сайын адамдар жалқау болып кетуші еді, бірақ ол ондай емес.

Айта кетелік, «Мексикалық» лақап атымен танымал Богачук кәсіпқой рингте 17 жекпе-жек өткізіп, бәрін нокаутпен аяқтаған.

Сурет: 24tv.ua.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер